«Эйбар» (, ) — Испанияның Эйбар қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын "Ипуруа" стадионында өткізеді.
Тарихы 1940 жылы «Депортиво Галло» және «Юнион Депортиво Эйбарреса» клубтарының бірігуінен пайда болды.
2014/15 жылғы маусымда тұңғыш рет Испания жоғары дивизионында өнер көрсетті. Содан бері тек осы дивизионда ойнап келеді.
2014/15 жылғы маусымда Ла лигада 18-орында қалды да, төменгі лигада түсуден "Эльченің" қаржылай қиындық салдарынан лицензиясынан айрылып, төменгі лигаға кетуі ғана құтқарып қалды.
Жетістіктері Сегунда
Жеңімпаз: 2013/14
Сегунда B
Жеңімпаз (3): 1987/88, 2006/07, 2010/11
Терсера
Жеңімпаз (7): 1950/51, 1952/53, 1961/62, 1962/63, 1966/67, 1981/82, 1985/86
Атақты футболшылары
Хосе Гарате Дерек Боатенг Хаби Алонсо Мануэль Альмуния Иван Куэльяр Давид Сильва Тико Игорь Ледяхов Федерико Магальянес
Сілтемелер Ресми сайт
Санат:Испания футбол клубтары