«Ягеллония» () — Польша чемпионаттарында ойнайтын Белосток қаласындағы футбол клубы. 1920 жылы құрылған. Атауы Польша падищасы, ягеллондар династиясының негізін қалаушы Владислав ІІ Ягайлоның құрметіне қойылған.
Өз алаңындағы ойындарын Қалалық стадионда өткізеді. Қазіргі таңда Польша Экстракласында (Жоғары дивизион) ойнайды. 2007 жылдан бері үздіксіз элитада ойнап келе жатыр.
Жетістіктері
Экстракласса
Вице-чемпион (2): 2016/17, 2017/18 3-орын (1): 2014/15
Бірінші лига
Чемпион (1): 1986/87 2-орын (2): 1991/92, 2006/07 3-орын (3): 1985/86, 1990/91, 2005/06
Польша кубогы
Жеңімпаз (1): 2009/10 Финалист (2): 1988/89, 2018/19
Польша суперкубогы
Жеңімпаз (1): 2010
Атаулары
1920—1932 — «ВСК» 1932—1935 — «БСК Ягеллония» 1935—1945 — «ВСК Ягеллония» 1946—1948 — «ПКС Мотор Белосток» 1948—1949 — «СК Белосток Вице» 1949—1951 — «Звонковец» 1951—1955 — «Будовлани» 1955—1973 — «Ягеллония Будовлани» 1973—1999 — «МСКБ Ягеллония Белосток» 1999—2003 — «Ягеллония—Версал Подляский» 2003—н. в. — «ССА Ягеллония Белосток»
Ойыншылар 2022 шілде
Ойыншылар 2022
Атақты ойыншылары
Тиагу Ционек Петр Гжельчак Яцек Гуральски Эузебиуш Смолярек Радослав Соболевский Конрад Вжесинский
Сілтемелер Ресми сайт jagiellonia.net Ягеллония (90minut.pl) jagiellonia.neostrada.pl
Санат:Польша футбол клубтары