Комиссар Джеймс Гордон () — Бэтмен жайлы комикстердің кейіпкері, әрі оның серіктесі. Готэм қаласының полиция комиссары. Кейіпкер алғаш рет Detective Comics #27 (1939 жыл, 30 наурыз) комиксінде пайда болды. Жазушы Билл Фингер және Боб Кейн ойлап тапқан. Гордон комикстің ең бірінші кадрында бейнеленіп, Бэтмен сагасының ең бірінші кейіпкері болды.

Биографиясы Джеймс Гордон жемқорлыққа белшесінен батқан Чикагодағы адал полицейлердің бірі еді. Джеймс қаланың ең ықпалды қылмыстық отбасын тығырыққа тірегеннен кейін оны Готэм Ситиге ауыстырады. Әйелі Барбарамен бірге Готэмге келгеннен кейін, оны Готэмнің ең жемқор детективтерінің бірі Харви Буллок () қарсы алады. Джеймс комиссар Джилиан Лоэбтің қол астында қызмет ете бастайды. Комиссар Готэмнің қылмыстық патшасы — Кармайн «Римдік» Фальконенің адамы болатын. Гордонның адал мінезі GCPD ( — Готэм-Сити Полицейлік Басқармасы) қызметкерлерінің көпшілігімен араздасуына әкеліп соқты. Джеймс қаланың жаңа қорғаушысы Бэтменді ұстауға арналған жедел топтың басшысы болғаннан кейін оның әріптестерімен арақатынасы одан әрі суып кетті.

Дереккөздер

Санат:DC Comics кейіпкерлері Санат:Боб Кейн ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:Билл Фингер ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:1939 жылы пайда болған комикс кейіпкерлері Санат:Комикс кейіпкерлері