Джаба Георгиевич Канкава (; 18 наурыз 1986https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/25758, Тбилиси, Грузин КСР, КСРО) — грузиялық футболшы, жартылай қорғаушы.

Карьерасы 2004 жылдан бері ұлттық құрамада ойнайды. Тұңғыш ойынын 2004 жылы қыркүйекте Албанияға қарсы ӘЧ-2006 іріктеуінде өткізді.

"Динамо" (Тбилиси) клубының түлегі. 2004 жылы "Динамо" УЕФА кубогына қатысты да, Джаба "Славия" (Прага) қақпасына гол соғып, көзге түсіп үлгерді.

Ең ұзақ тұрақтаған клубы — "Днипро". 2007-15 жылдар аралығында жүзге жуық ойында клубтың намысын қорғады.

2017 жылы қарашада "Тобыл" клубымен екі жылдық келісім шарт жасасты. 2018 жылғы маусымда 27 кездесуде алаңға шығып, Қазақстанның күміс жүлдегері атанды.

Жетістіктері

«Динамо» (Тбилиси)

Грузия чемпионы (1): 2004/05 Грузия чемпионатының қола жүлдегері (1): 2003/2004 Грузия кубогы (1): 2003/04

«Днипро»

Украина чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2013/14 Украина чемпионатының қола жүлдегері (1): 2014/15 УЕФА Еуропа лигасының финалисі (1): 2014/15

«Тобыл»

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2018

Дереккөздер

Сілтемелер Санат:Грузия футболшылары Санат:Динамо Тбилиси ФК ойыншылары Санат:Алания ФК ойыншылары Санат:Арсенал Киев ФК ойыншылары Санат:Днипро ФК ойыншылары Санат:Кривбасс ФК ойыншылары Санат:Реймс ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Грузия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Валансьен ФК ойыншылары