Мауро да Силва Гомес (; 12 қаңтар 1968 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/15476, Сан-Бернарду-ду-Кампу) — бразилиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 1994 жылғы әлем чемпионы. Карьерасы Кампинастың "Гуарани" клубының түлегі. 1988 жылы кәсіп қой карьерасын бастап, екі жылда бір ғана ресми ойында алаңға шықты да, 1990 жылы "Брагантинаға" ауысты.
"Брагантина" сапында тұрақты ойнап, тіпті 1991 жылы Бразилияның үздік футболшысы атағын алды. Осы клубта жүріп Бразилия құрамасына шақырту алды.
1992 жылы "Депортивоға" ауысып, 2005 жылға дейін осы клубтың намысын қорғады. 13 маусымда 400-ден аса ойын өткізді.
1994 жылғы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Командалық
Сан-Паулу штатының чемпионы: 1990 Әлем чемпионы: 1994 Америка кубогы: 1997
«Депортиво»
Испания чемпионы: 1999/00 Испания кубогы: 1994/95, 2001/02 Испания суперкубогы: 1995, 2000, 2002
Жеке
Бразилиядағы жыл футболшысы: 1991
Дереккөздер
Футболшы жайлы сілтемелер footballplayers.ru футпедияда independent.co.uk urbo.com.br
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гуарани ФК ойыншылары Санат:Брагантино ФК ойыншылары Санат:Депортиво Ла-Корунья ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары