Матьё Вальбуэна (; 28 қыркүйек 1984https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/40687, Брюж) — франциялық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы Кәсіпқой карьерасын 2003 жылы "Лангер Касте" клубында бастады да, 2004 жылы Франция үшінші лигасында ойнайтын «Либурн-Сен-Сёрен» клубына ауысты. 2005/06 жылғы маусымнан соң клуб екінші лигаға көтерілді, бірақ Матье дереу "Олимпик Марсельге" ауысып кетті.

"Олимпик Марсель" сапында сегіз маусым бойы жоғары деңгейде өнер көрсетті де, клуб жетекшілігі 28-нөмірді Вальбуэнаның құрметіне мәңгі бекітті.

Бұл аралықта, яғни 2010 жылы Вальбуэна Франция құрамасындағы тұңғыш ойынын өткізді. 2010 жылғы әлем чемпионаты мен 2012 жылғы Еуропа чемпионатына барғанымен, бұл турнирлерде бір ғана ойын өткізді.

2014 жылғы әлем біріншілігінде Вальбуэна төрт кездесуде алаңға шықты, топтық кезеңнің екінші турында Швейцарияның қақпасына бір гол соқты.

2015 жылы Вальуэна Бенземаның бопсасына ұшырады да, араларында кикілжің пайда болып, нәтижесінде екеуі де құрамаға мүлде шақырылмайтын болды.

Жетістіктері

Марсель

Франция чемпионы: 2009/10 Франция чемпионатының күміс жүлдегері: 2006/07, 2008/09 Франция чемпионатының қола жүлдегері: 2007/08 Франция кубогының финалисі: 2006/07 Франция суперкубогы: 2009/10 Лига кубогы (3): 2009/10, 2010/11, 2011/12

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт Профилі

Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Динамо Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК ойыншылары