«Сіз кімсіз, Ка мырза?» — толық метражды көркем фильм. 2010 ж. Қазақфильм және Изарус-Фильм студиялары шығарған.

Сюжеті Пойыздағы бір қарт кісінің жанында ашық жарқын, әңгімешіл жігіт отырады. Бірақ жүзі жылы көрінгенімен оның ішінде не ойы бар екенін ешкім білмейді. Бұл адамның қауіпті екенінен ел-жұрт бейхабар.

«Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмі ұзақ уақыт өзге елде түрмеде отырып, еліне оралған бұрынғы кәсіби барлаушының өмірі туралы. Кинода достық, сезім, ізгілік пен зұлымдық тайталасымен қатар, қылмыс әлемі, есірткі бизнесінің адамдар тағдырына әсері және онымен күрес сияқты көкейтесті мәселелер көтеріледі.

Рөлдерде Қасымхан Шадияров/Ка Чен Ву — Асанәлі Әшімов Игорек — Филипп Волошин Сергей Сергеевич — Александр Феклистов Қолдыбай Мақатайұлы — Талғат Теменов Меран — Мұрат Бисенбин Роза — Ғазиза Әбдінәбиева

Дереккөздер

Санат:Қазақстан атыс-шабыс фильмдері Санат:Қазақстан шытырман оқиғалы фильмдері Санат:Ресей атыс-шабыс фильмдері Санат:Ресей шытырман оқиғалы фильмдері Санат:Қазақфильм фильмдері