Ангрен футбол клубы — Өзбекстанның Ташкент облысындағы футбол клубы. 2003 жылдан кейінгі тағдыры белгісіз.

1985 жылы "Шахтер" деген атаумен құрылды. 1991-96 жылдары "Кенші" деп өзгертілді де, аймақтық, қалалық бей-ресми турнирлерде бақ сынап жүрді. 1997 жылы "Семург" деген атаумен екінші лигаға қатысты.

1999 жылы бірінші лигада ойнап, жеңімпаз атанды.

2000 жылы жоғары лигада ойнап, 12-орын алды.

2001 жыл қорытындысында 1-лигаға түсіп қалды.

2003 жылы бірінші лигадан түсіп қалды да, қайтадан ешқандай турнирге қатыспады. Сілтемелер https://web.archive.org/web/20160422055619/http://footballfacts.ru/clubs/484998-semurg-angren

Санат:Өзбекстан футбол клубтары