Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы (АрқАШТС) (, ) - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ қарасты мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қатысуымен қызмет ететін ауылшаруашылығы бағытындағы кәсіпорын НАО "НАНОЦ": Опытные станции.

Қалыптасу тарихы 1960 жыл - "Арқалық" кеңшары құрылды. 1979 жыл - "Арқалық" кеңшары базасында "Арқалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы" құрылды. 1990 жыл - Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары Академиясының жүйесіне қосылды. 2002 жыл - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі қарауына берілді. 2007 жыл - "Арқалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС болып қайта құрылды. 2010 жыл - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі, "КазАгроИнновация" АҚ-ының еншілес "Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖШС болып қайта тіркелді Аркалыкская сельскохозяйственная опытная станция . 2015 жылдан бастап - "КазАгроИнновация" АҚ-ның бірігуіне байланысты "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру Орталығы" КЕАҚ-ның еншілес кәсіпорыны.

Жұмысының негізгі бағыттары ) ауылшаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша шараларды жүргізу; ) ауылшаруашылығы дақылдарының бірегей және репродукциялы тұқымдарын өндіру және ауылшаруашылық жануарларының асыл тұқымды материалдарын өсіру; ) ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдары мен ауылшаруашылық жануарларының асыл тұқымды материалдарын өткеру; ) егіншіліктің аймақтық жүйелерін, ауылшаруашылық дақылдары мен жануараларын өсіру технологияларын жетілдіру; ) ғылыми зерттеулер нәтижелерін апробациядан өткузі және аяқталған құрастырылымдарды өндіріске енгізу.

"Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы" ЖШС тұқым шаруашылығы бойынша келесі дәрежелерге ие: астық дақылдарының оригиналды тұқымдарын өндіруші; астық дақылдарының элиталы тұқымдарын өндіруші.

Ғылыми жетістіктері Қостанай облысының оңтүстік аймағында астық дақылдары бойынша тұқымды себудің жаңа мерзімдері құрастырылды. Даму фазаларының себу мерзімдеріне тәуелділігі анықталды. Көктемгі-егістік жұмыстарды жүргізу бойынша аймаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар құрастырылды Аркалыкская сельскохозяйственная опытная станция .

Дереккөздер

Санат:Арқалық кәсіпорындары Санат:Қазақстан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары