Мәуміт Сейтпембетұлы (1783 - 1855) – патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушы басшыларының бірі. Қолбасшы Есет Көтібарұлының кеңесші-ақылышысы. Көтеріліс жасақтарының Бас туын ұстаған, ержүректігімен, қайсар мінезімен аты аңызға айналған қаһарман батыр, ел арсында зор беделге ие болған, құрметке бөленген кісі. Сүйегі Арал қаласы маңындағы Жақсы Қылыш төбесіне жерленген.Қазақ көтерілістері: Энциклопедия, 388-ші бет. / Бас. ред. Ж.Н. Тойбаева. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2015. — 616 бет. Қазақ тілінде. ISBN 978-601-7472-43-6

Дереккөздер

Санат:1783 жылы туғандар Санат:Қазақ батырлары Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері Санат:1855 жылы қайтыс болғандар