Вилиан Аран (; 3 желтоқсан 1992https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/210747, Сан-Паулу) — бразилиялық футболшы, "Фламенго" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы Вилиан 2011 жылы "Эспаньол" футбол мектебіне қабылданды, бірақ клубпен үйренісе алмаған футболшы 2012 жылы "Коринтиансқа" қайта оралды.
"Коринтианс" сапында аз ғана ойнады, 2012-14 жылдар аралығында үш түрлі клубқа арендаға берілді.
2015 жылы "Ботафогоға" ауысты.
2016 жылы "Фламенгоға" ауысып, бұл клуб сапында бірнеше жүлделерге қол жеткізді.
Жетістіктері
Сан-Паулу штатының чемпионы (1): 2013 Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (1): 2017 Бразилия чемпионы (1): 2019 Бразилия В Серияның чемпионы (1): 2015 Оңтүстік Америка кубогының чемпионы (1): 2017 Либертадорес кубогы (2): 2012, 2019 Клубтар әлем чемпионаты (1): 2012
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Коринтинас ФК ойыншылары Санат:Португеза Деспортос ФК ойыншылары Санат:Ботафого ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары