Дино Баджо (; 24 шілде 1971 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5843, Кампозампьеро, Италия) — италиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 1994, 1998 жылдары әлем чемпионатына, 1996 жылы Еуропа чемпионатына, 1992 жылы жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан. 1994 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Мансабы 1994 жылғы әлем біріншігінде екінші турдда Норвегияның қақпасына ойын тағдырын шешкен жалғыз голды соқты. Сосын ширек финалда Испаниямен кездесуде есеп ашты, бұл ойында Италия 2:1 есебімен жеңіске жетті. Дино чемпионаттағы барлық кездесуде алаңға шықты.
1998/99 жылғы УЕФА кубогындағы "Висла" — "Парма" кездесуінде трибунадан лақтырылған пышақ Диноның басына тиіп, нәтижесінде польшалық клуб УЕФА тарапынан бір жылдық дисквалификацияға ұшырады.
1992 жылы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды.
Италиялық тағы бір футболшы — Роберто Баджоға ешқандай туыстық қатысы жоқ, тегі ғана бірдей.
Жетістіктері
Италия кубогы: 1998/99 Италия суперкубогы: 1999 УЕФА кубогы: 1992/93, 1994/95, 1998/99 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1994 Жастар арасындағы Еуропа чемпионы: 1992 Италия чемпионатының күміс жүлдегері: 1993/94, 1996/97
Жеке өмірі Актриса Тереза Маттеиге үйленген. Екі ұлы бар — Алессандро және Леонардо. Қазір балалық шағы өткен Томболо қаласында тұрады.
Дереккөздер
Сілтемелер National Stats. at FIGC Profile at Italia1910.com
Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Торино ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Блэкберн Роверс ФК ойыншылары Санат:Анкона ФК ойыншылары Санат:Триестина ФК ойыншылары