Ким Вильфорт (; 15 қараша 1962 жылhttp://www.bkfrem.dk/default.asp?id=19&spillerid=313&todo=arkiv , Вальбю, Копенгаген) — даниялық футболшы, шабуылшы, 1992 жылғы Еуропа чемпионы.
ЕУРО-1992 1992 жылғы чемпионатқа Дания Югославияның орнына қатысты.
Ким Вильфорт чемпионат күндері ракпен ауырып жатқан қызының халін білу үшін чемпионатты тастап үйіне ұшып барып та келген-ді. Қызы науқастан тәуір бола қоймаса да Вильфорт Швецияға қайта келіп матчтарға қатысып жүрді. Финалдық матчта Вильфорт та, өзге даниялықтар да өліспей беріспеді. Олардың қарсыластары Германия еді. Азулы немістердің де бұларға тісі батпады. 19-минутта даниялықтар есеп ашқаннан кейін (голды Йон Йенсен соқты) тізгінді немістер толығымен қолдарына алғанымен, даниялықтардың қақпасын дәл көздеу оларға мұң болды. Ал ойынның 79-минутында Ким Вильфорт айып алаңының сыртынан Бодо Иллгнер қорғаған қақпаны дәл көздеп, чемпионаттың тағдырын шешкен голды соқты — 2:0!. Бұл — Еуропа Чемпионаттарының финалдық турнирлер тарихындағы 200-ші гол еді.
Дания құрамасы Еуропа Чемпионы атанды. Арада бір ай өткен соң Ким Вильфорттың қызы науқастан қайтыс болды...
Жетістіктері
Командалық «Брондбю»
Дания чемпионы (7): 1987, 1988, 1990, 1991, 1995/96, 1996/97, 1997/98 Дания кубогы (3): 1989, 1994, 1998
Халықаралық Дания
Еуропа чемпионы — 1992
Жеке
Данияның үздік футболшысы — 1991
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Дания футболшылары Санат:Дания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Лилль ФК ойыншылары Санат:Брондбю ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары