Әйгерім Болатбекқызы Бекетаева (20 тамыз 1991 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген) — қазақ балет әртісі.Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2016). «Astana Opera» Мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисті (2013).
Өмірбаяны Бекетаева Әйгерім Болатбекқызы 1991 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2010 жылы А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищен бітірген. 2015 жылы Челябинск мемлекеттік педагогикалық университетінің «Педагог-хореограф» мамандығын бітірген (Ресей). Мансабы 2010-2013 жж. – К. Байсейітов атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші солисті; 2013 жылы – «Astana Opera» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисті; Санкт-Петербург Борис Эйфман Мемлекеттік Академиялық балет театрының шақырылған солисті ; Ресей, Қытай, Италия, Беларуссиядағы үкіметаралық іс-шаралар мен гастрольдердің қатысушысы.
Жетістіктері 2008 ж. «Өрлеу» балет әртістерінің І Халықаралық байқауының дипломанты; 2012 ж. «Шабыт» шығармашыл жастардың Халықаралық фестивалі, гран-при (Астана); 2012 ж. Сочидегі Юрий Григоровичтің «Әлемнің жас балеті» Халықаралық байқауының дипломаты; 2012 ж. Варна қаласы балет әртістерінің Халықаралық конкурсының III жүлдесінің лауреаты(Болгария); 2013 ж. Рудольф Нуреев атындағы балет әртістерінің Халықаралық байқауының ІІІ сыйлығының лауреаты (Будапешт); 2013 ж. XII Мәскеу халықаралық балет әртістері мен хореографтар байқауының дипломанты (Үлкен театр); 2014 ж. «Сібір Гран-при» Халықаралық балет байқауының II сыйлығының лауреаты (Красноярск).
Репертуарлары К. Байсейтов атындағы Ұлттық опера және балет театрының және Astana Opera-ң балеттік партиялары Аврора («Уйқыдағы ару» П. Чайковский) Камилла («Роден» Б. Эйфман) Джульетта («Ромео и Джульетта» С. Прокофьев) Одетта-Одиллия («Лебединое озеро» П. Чайковский) Эгина («Спартак» А. Хачатурян) Мари («Щелкунчик» П. Чайковский) Зарема («Бахчисарайский фонтан» Б. Асафьев) Гамзатти, Никия («Баядерка» Л. Минкус) Эсмеральда («Собор Парижской Богоматери» М. Жарр) Лебедь («Умирающий лебедь» К. Сен-Санс) Китри («Дон Кихот» Л. Минкус) Медора («Корсар» А. Адан) Солистка («Пахита» Л. Минкус және Э. Дельдевез) Сильфида («Сильфида» Х. Левенсхольд) Флер де Лиз («Эсмеральда» Ц. Пуни)
Мемлекеттік марапаттары 2014 — (Қазақстан Республикасының хореографиясын дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлық) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы қоры сыйлығының лауреаты. 2016 — Әйгерім Бекетаева «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» жоғары наградасымен марапатталды, оны Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзі табыстады.Нурсултан Назарбаев вручил казахстанцам государственные награды (Обновлено) Почетное звание "Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi" на церемонии было присвоено ведущей солистке, балерине театра Astana Opera Айгерим Бекетаево й 2019 — «Содружество дебютов» ТМД Халықаралық премиясы (Белоруссия).Қазақстандық балерина Әйгерім Бекетаева ТМД премия лауреаты атандыБалерина Әйгерім Бекетаева ТМД премиясына ие болды
Дереккөздер
Санат:Балет әртістері Санат:Қазақстан балет әртістері Санат:Хореографтар Санат:Қазақстан хореографтары