Әбдірбекова Даяна Серікқызы (10 сәуір 2002 жыл, Шымкент) — көркем гимнастикадан қазақстандық спортшы. Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесі. Азия ойындарының чемпионы (2018), Қазақстан Республикасы чемпионаты мен Кубогінің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Өмірбаяны Даяна Әбдірбекова 2002 жылы 10 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген. Гимнастикамен ерте балалық шағынан бастап Шымкент қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (ОМБЖСМ) айналыса бастаған. Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттықты. Спорттық мансабы 2010 жылдардың ортасынан бастап ірі халықаралық жарыстарда көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының сапында тұрақты өнер көрсетті.2017 жылы Астана қаласында өткен көркем гимнастикадан Азия чемпионатында командалық есепте қола медаль жеңіп алды.Өзінің басты спорттық табысына 2018 жылдың тамыз айында Джакартада (Индонезия) өткен Жазғы Азия ойындарында қол жеткізді. Қазақстан командасының сапында Алина Әділханова және Әділә Тілекеновамен бірге командалық көпсайыста жалпылама 159,850 ұпай жинап, Өзбекстан мен Оңтүстік Корея құрамаларын артқа қалдырып, алтын медаль иегері атанды.Әлем кубогі кезеңдерінде және Гран-при сериясындағы турнирлерде тұрақты түрде бағын сынады. Бағдарламаның жекелеген түрлерінде де, командалық жарыстарда да Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болып табылады. Дене өлшемдері: Бойы: 167 см, салмағы: 49 кг

Марапаттары және жетістіктері 2018 жылғы Қазақстан Республикасының жеңімпазы — қола (көпсайыс), қола (шеңбер, күрзілер, лента). 2019 жылғы Қазақстан Республикасының жеңімпазы — қола (көпсайыс). 2018 жылы Қазақстан Республикасының кубогы — алтын (көпсайыс), алтын (шеңбер, күрзілер,лента), күміс (доп). 2019 жылғы Қазақстан Республикасының кубогы — қола (күрзілер, лента). 2018 жылғы Азиялық ойындар — алтын (команда).https://www.kazenergy.com/upload/iblock/13b/13b734333464de0883b6e93237913396.pdf "Gracia Fair Cup" 2018 ХТ - күміс (шеңбер), қола (лента). "Gracia Fair Cup" 2019 ХТ - қола (лента).https://gimnastika.pro/stars/597/31765/

Дереккөздер

Санат:Қазақстан көркем гимнастикашылары Санат:Азия ойындары чемпиондары Санат:Шымкентте туғандар