Агрегация - тромбоциттердің бір-бірімен жабысып, қан тамырларының бүлінген жерлерінен қан кетуді тоқтатуға бағытталған маңызды қасиеттерінің бірі. Агрегация тромбоз дамуының немесе қан қатпасының түзілуінің екінші сатысы.
Механизмі
Агрегация екі сатыдан тұрады: бірінші сатысында тромбоциттердің түйіршіктері сыртына шығарылады. Осыдан АДФ, АМФ, АТФ, адреналин, норадреналин, серотонин, гистамин, кальций иондары т.б. белсенді заттар бөлініп шығады; екінші сатысында тромбоциттердің α-түйіршіктерінен лизосомалық ферменттер т.б. шығарылады. Тромбоциттер түйіршіктерінің бөлшектері ғана босап шығуынан басқа тромбоциттердің белсенділігі артып, олар өзара бір-бірімен және бүлінген эндотелий астына жабысқан жасушалардың сыртына жабысып, болашақ тромбоциттік қан қатпасының негізін қалайды. Осылармен бір мезгілде тромбоксан А2 мен қан тамырларына белсенді әсер ететін басқа заттардың жергілікті бөлінуінен қан тамырларының жиырылуы боладыПатофизиология - Ә.Нұрмұхамбетұлы, Алматы, 2011 жыл..
Сілтеме
Санат:Медицина бөлімдері Санат:Гематология