thumb|320px|нобай|оңға|Цицерон Катилинаға қарсы сөйлеуі (Чезаре Маккари, 1882—1888) Катилинариялар (, Катилинаға қарсы сөйлеулер) — б.з.д 63 жылдың қарашасы мен желтоқсанында Катилинаның астыртын әрекетін ашуға бағытталған Рим сенатының консулы Цицеронның төрт сөйлеулері. Б. з. д. 61-60 жылдардағы автордың әдеби өңдеуі түрінде сақталып, бүгінгі күнге дейін жеткен. Бұл сөздер Катилина саяси қастандығы тарихының маңызды көзі, сондай-ақ шешендік өнердің көрнекті үлгісі болып табылады.

Катилинаға қарсы Цицерон төрт рет сөйледі: Бірінші сөз (Сенатта, Статор Юпитер храмында, б. з. д. 63 жылдың 8 қарашасы); Екінші сөз (Форумда, , б. з. д. 63 жылдың 9 қарашасы); Үшінші сөз (Форумда, б. з. д. 63 жылдың 3 желтоқсаны); Төртінші сөз (Сенатта, Келісім ғибадатханасында, б.з. д. 63 жылдың 5 желтоқсаны).

Сөйлеу сипаттамасы Катилниға қарсы бірінші сөз ең танымал болып табылады, себебі сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырушыларға, яғни кейіптеулерге, метафораларға және риторикалық сұрақтартарға толы. Сөздің алғашқы сөздері ең танымал латын цитаталарының бірі болды:

Қашанғы сен, Катилина, біздің тағатымызға қиянат жасай бермекшісің? Бізді кернеген ашуыңмен қашанға дейін қорламақшысың? Қай шегіңе дейін өзіңнің еріксінген дөрекілігіңмен даңдайсынбақшысың?

Дереккөздер

Санат:Цицерон сөздері Санат:Рим құқықтары Санат:Б. з. д. 63 жыл