Анджело Бадаламенти (, 22 наурыз 1937, Бруклин – 11 желтоқсан 2022, Нью-Джерси) — америкалық пианист пен композитор. Көбінен режиссер Дэвид Линчтің кино мен сериалдарына музыка жазған автор ретінде танылған. Жалпы алғанда, 70-тен аса кинотуындыға музыка жазып алған.
Өмірбаяны Ол Бруклинде 1937 жылы 22 наурызда туды. Шешесі Сицилиядан, әкесі континенттік Италиядан келген азаматтар еді.Brian Wise. David Lynch's Not-So-Silent Partner — The New York Times, 22-05-2005. Балалық шақтан операмен және классикалық музыкамен әуестенген. Сегіз жастан бастап фортепианода ойнауды үйрене бастады. Жеткіншек болған кезде, музыка ойнауды үйреніп алғасын ол Катскилл тауларында әншілердің гастрольдеріне аккомпанемент жасап ақша таба бастаған.Sam Richards. Only musicians can save music — Contemporary Music Review, 12-1996. Кейін ол Истман музыка мектебін және Манхэттендік музыка мектебін бітіріп шыққан.
«Көк барқыт» фильмін түсіру барысында Изабелла Росселиниге ән айтуды үйретуге шақырылған Бадаламенти режиссер Линчпен достасып, көп жылдарға созылған әріптестікті сақтап тұрады. Алғашқыда Росселлини «Song to the Siren» әнін орындау керек еді, бірақ оған авторлық құқығы режиссерде жоқ еді. Сонда Линч «Mysteries of Love» атты жаңа әннің сөздерін жазып, музыкасын Бадаламентиге тапсырып қояды. Бұған қоса Бадаламентиді осы фильмде ұсақ эпизодта ойнауға шақырады.
Марапаттары 1990, «Грэмми» сыйлығы — «Twin Peaks Theme» үздік инструменталды поп-орындау 1992, «Сатурн марапаты» — Үздік музыка үшін 1993, «Тәуелсіз рух» сыйлығы — «Twin Peaks: Fire Walk with Me» үздік түпнұсқалық саундтрек 2005, «World Soundtrack Award» сыйлығы — Жалпы композиторлық жетістіктері үшін 2011, Генри Манчини сыйлығы — Америкалық сазгерлер, авторлар мен шығарушылар қоғамы атынан
Таңдаулы фильмографиясы 1986 — Көк барқыт / Blue Velvet 1987 — A Nightmare on Elm Street 3: Dream Warriors 1990 — Wild at Heart 1990 — Твин Пикс / Twin Peaks (телесериал) 1992 — Twin Peaks: Fire Walk With Me 1995 — La Cité des enfants perdus 1997 — Lost Highway 1999 — The Straight Story 1999 — Arlington Road 2000 — Жағажай / The Beach 2001 — Малхолланд Драйв / Mulholland Drive 2002 — Secretary 2004 — Evilenko 2004 — Napola — Elite für den Führer 2004 — Un long dimanche de fiançailles 2005 — Dark Water 2006 — The Wicker Man 2009 — 44 Inch Chest 2013 — Сталинград 2017 — Твин Пикс: Оралу (телесериал)
Актерлық жұмысы Бадаламентидің жалғыз актерлық жұмысы «Малхолланд Драйв» фильміндегі Луиджи Кастельяни рөлі болды. Ол тағы кішкене эпизодтарда «Тікелей эфирде» және «Твин Пикс: Оралу» сериалдарында, «Көк барқыт» фильмінде пианистың рөлін ойнады.
Олимпиадаға қосқан үлесі Бадаламенти Барселонада өткен 1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарындағы басты музыкалық шығарманың авторы.
Дереккөздер
Санат:АҚШ сазгерлері Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:Сатурн сыйлығының иегерлері