Аздрен Лулаку (; ; 15 ақпан 1988https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/237389, Исток, Косово) — албаниялық және италиялық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы 2016 жылы Албания Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде бірнеше кездесуде алаңға шықты.

2017 жылдың басында "Газ Метан" клубынан "Астанаға" ауысып екі жылдық келісім шарт жасасты. Қазақстан чемпионатының бірінші айналымында 16 рет алаңға шығып, бір гол ғана енгізді.

Маусымның екінші жартысын "Тобыл" сапында өткізді. Сол жылдың соңында-ақ "Астанадан" кетті. 2018 жылдың басында Италияның В сериясында ойнайтын "Виртус Антелла" клубына ауысты.

Жетістіктері

Жеке Румыния чемпионатының үздік мергені: 2016/17 (16 гол)

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Италия футболшылары Санат:Албания футболшылары Санат:Албания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Шахтер Солигорск ФК ойыншылары Санат:Газ Метан ФК ойыншылары