Амангелді Жұмабайұлы Жұмабаев (4 қазан 1951 ж Көктөбе ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы)– мемлекеттік қайраткер, дипломат. Өмірбаяны 1951 жылы 4 қазанда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде математика мамандығын оқып бітірді. 1993-1994 жылдары - ҚР сыртқы экономикалық байланыс министрінің орынбасары. 1994-1996 жылдары - ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары,шет елдермен сауда-экономикалық байланыс жөніндегі бас басқарманың бастығы. 1996-1999 жылдары - ҚР-ның Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі. 1999-2003 жылдары - ҚР-ның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі. 2004-2011 жылдары - ҚР-ның Украинадағы және Молдовадағы елшісі. 2011-2013 жылдары - ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары. 2013-2015 жылдары - Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі. Марапаттары Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2002). "Құрмет" орденімен (2007), төрт мерейтойлық медальмен марапатталған. Халықаралық наградалардан: Түрікменстанның "Түрікменстанға деген сүйіспеншілігі үшін" ордені (2003) Украинаның Князь Ярослав Мудрый ордені (2008) Сілтемелер Амангелді Жұмабайұлы Жұмабаев Санат:Қазақстанның Малайзиядағы елшілері Санат:Қазақстанның Түркіменстандағы елшілері Санат:Қазақстанның Украинадағы елшілері Санат:Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілері Санат:Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясы түлектері