Преснель Кимпембе (; 13 тамыз 1995 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/282041, Бомон-сюр-Уаз, Иль-де-Франс) — конголық және франциялық футболшы, Франция Ұлттық футбол құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" клубының қорғаушысы. 2018 жылғы әлем чемпионы.

Мансабы Кимпембенің әкесі конголық, анасы гитилік.

2014 жылы 17 қазанда "Лансқа" қарсы ойында тұңғыш "Пари-Сен-Жермен" сапында алаңға шықты. УЕФА Чемпиондар Лигасындағы тұңғыш ойынын 2017 жылы 14 ақпанда өз алаңында "Барселонаға" қарсы өткізді (4:0)

2014 жылы Конго Демократиялық Республикасы жастар құрамасында бір кездесу өткізді. 2018 жылы 27 наурызда Ресейге қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Франция құрамасы сапында өнер көрсетті.

Жетістіктері «Пари Сен-Жермен» Франция чемпионы (5): 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19,2019/20 Франция кубогы (3): 2015/16, 2016/17, 2017/18 Лига кубогы (3): 2015/16, 2016/17, 2017/18 Франция суперкубогы (4): 2016, 2017, 2018,2019

Франция Әлем чемпионы: 2018 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Франция футболшылары Санат:Конго Демократиялық Республикасы футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары