Юлиан Шибер (; 13 ақпан 1989 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/58124, Бакнанг, Германия) — германиялық футболшы, шабуылшы. Карьерасында тек Германия клубтарында ойнап келеді.

Германия жастар құрамасында ойнаған.

Карьерасы "Штутгарт" клубының түлегі. 2008 жылы 6 желтоқсанда тұңғыш рет Бундеслига ойындарында алаңға шықты. 2010 жылы "Нюрнбергке" жалға берілді.

2012 жылы жазда "Боруссияға" (Дортмунд) ауысты.

2014 жылы жазда "Герта" футболшысы атанды. Бірақ тізе жарақатын алды да, 2016 жылға дейін футбол ойнай алмады. Жалпы төрт жылда "Герта" сапында 43 рет қана алаңға шықты.

Жетістіктері

«Боруссия (Дортмунд)»

Германия суперкубогы: 2013 УЕФА Чемпиондар лигасының финалисі: 2013

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Германия футболшылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Нюрнберг ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Герта Берлин ФК ойыншылары Санат:Аугсбург ФК ойыншылары