Эммануэль Эбуэ (; 4 маусым 1983https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/13058, Абиджан) — ивуарлық футболшы, қорғаушы. 2006, 2010 жылдары әлем чемпионатына қатысқан.
Карьерасы 2005 жылы 1 қаңтарда "Бевереннен" "Арсеналға" ауысты. Трансфер құны 1,5 млн еуроны құрады. Бір аптадан соң Англия кубогына "Сток Ситиге" қарсы ойында алаңға шықты. Маусым соңында Англия кубогы иегері атанды.
Сол жылы 25 қазанда "Сандерленд" қақпасына (бұл да Англия кубогында) тұңғыш голын соқты.
2005/06 жылғы маусым барысында негізгі құрам ойыншысына айналды. Бірақ бұдан кейін "Арсенал" сапында ешқандай жүлде ала алмады.
2011 жылы 16 тамызда "Галатасарайға" ауысты.
2016 жылы наурызда "Сандерлендке" ауысты, бірақ алаңға шықпады.
Жетістіктері
«Беверен»
Бельгия кубогының финалисі: 2003/04
«Арсенал»
Чемпиондар лигасының финалисі: 2005/06 Англия чемпионатының қола жүлдегері: 2007/08, 2009/10 Англия кубогы 2004/05
«Галатасарай»
Түркия чемпионы: 2011/12, 2012/13 Түркия суперкубогы: 2012, 2013 Түркия кубогы: 2013/14
Құрама
Африка ұлттары кубогының финалисі (2006), 2012
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (footballdatabase.com)
Санат:Кот-д’Ивуар футболшылары Санат:Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:АСЕК Мимозас ФК ойыншылары Санат:Беверен ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары Санат:Сандерленд ФК ойыншылары