Евгений Олегович Коноплянка (; 29 қыркүйек 1989 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/58949, Кировоград, Украин КСР) — украиналық футболшы, жартылай қорғаушы.

Мансабы Клубтық "Днипро" клубының түлегі. 2006-15 жылдар аралығында соы клубта ойнап, Украина чемпионатында 150-ден аса кездесуде алаңға шықты. 2015 жылы УЕФА Еуропа лигасының финалисі атанды. Финалда "Днипро" "Севильядан" ұтылып қалды" Осының артынша Коноплянка "Севильяға" ауыстыhttp://bfootball.com.ua/articles/jak-seviljja-provody-tj-prezentaciju-konopljanky/ . "Севилья" сапындағы тұңғыш ойынын 11 тамызда "Барселонаға" қарсы УЕФА суперкубогында өткізді. 81-минутта бір гол соғып, есеп айырмасын 4:3-ке қысқартты, бірақ "Севилья" 4:5 есебімен ұтылып қалды. Осылайша УЕФА Суперкубогында гол соққан төртінші украиндық боп тарихқа енді.

2016 жылғы УЕФА суперкубогында да "Реал" қақпасына бір гол соқты, өкінішке орай "Севилья" бұл жолы да жеңілді. Осы матчтан соң "Шалькеге" жалға берілді.

2017 жылы жылы "Шалькеге" түпкілікті ауысты.

2019 жылдан бері "Шахтер" ойыншысы.

Ұлттық құрама 2010 жылы мамыр айында Литваға қарсы жолдастық кездесуде Украина құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді.

2012, 2016 жылғы Еуропа чемпионаттарына қатысты.

Жетістіктері

«Днепр»

Еуропа лигасының финалисі: 2014/15 Украина чемпионатының күміс жүлдегері: 2013/14 Украина чемпионатының қола жүлдегері: 2014/15

«Севилья»

Еуропа лигасы: 2015/16 Испания кубогының финалисі: 2015/16

«Шальке 04»

Германия чемпионатының қола жүлдегері: 2017/18

«Шахтёр» (Донецк)

Украина чемпионы: 2019/20

Жеке

Украинадғы жыл футболшысы (3): 2010, 2012, 2013

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Украина футболшылары Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Днипро ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары Санат:Краковия ФК ойыншылары Санат:ЧФР ФК ойыншылары