Джон Фрэнсис О’Ши; 30 сәуір 1981 жыл, Уотерфорд, Ирландия) — ирландиялық футболшы, қорғаушы. 2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына қатысқан. Карьерасының басым бөлігін "Манчестер Юнайтед" сапында өткізіп, бірнеше рет Англия чемпионы, бір реттен Чемпиондар лигасының жеңімпазы, клубтар әлем біріншілігінің чемпионы атанды.

Карьерасы 1998 жылы "Манчестер Юнайтед" сапына қосылды. 1999 жылы негізгі құрам тізіміне ілінді. 1999 жылы 13 қазанда тұңғыш рет кәсіби футболшы ретінде алаңға шығып, Англия лигасы кубогында "Астон Виллаға" қарсы ойнады. 2000 жылы "Борнмутқа", 2001 жылы "Антверпенге" жалға берілді. 2001 жылы жазда "Манчестерге" оралып, негізгі құрамда ойнай бастады. 2003/04 жылғы маусым басында "Вулверхэмптон" қақпасына тұңғыш голын соқты, бұл ойында манчестерлік клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.

2005/06 жылы Гари Невилл жарақат алды да, алаңға үнемі шығатын болды. 2007 жылы 4 ақпанда "Тоттенхэммен" ойын барысында жарақат алған Эдвин Ван дер Сардың орнына қақпаға тұруға тура келді (бұл кезде ойыншы алмастыру мүмкіндігі таусылған-ды). Өзімен жеке-дара қалған Робби Киннен допты тартып алды, бұдан да басқа бірнеше сәтті қимылдар жасады. Осы ерліктерінен соң манчестерлік фанаттар хормен Ireland’s number one әнін шырқады.

2011 жылы жазда "Сандерлендке" ауысты.

2018 жылы "Редингке" ауысты.

Жетістіктері

Манчестер Юнайтед

Англия чемпионы (5): 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11 Англия кубогы: 2003/04 Лига кубогы (3): 2005/06, 2008/09, 2009/10 Англия суперкубогы (4): 2003, 2007, 2008, 2010 Чемпиондар лигасы: 2007/08 Клубтар әлем чемпионаты: 2008

Ирландия

Жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы: 1998

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Статистикасы Профилі Профилі Санат:Ирландия футболшылары Санат:Ирландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Борнмут ФК ойыншылары Санат:Антверпен ФК ойыншылары Санат:Сандерленд ФК ойыншылары Санат:Рединг ФК ойыншылары Санат:Ирландия футбол жаттықтырушылары