Теміржан Ерқасұлы Айтбаев (1 қараша, 1962 жыл, Алматы облысы, Алакөл ауданы) — Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.Национальная академия наук Республики Казахстан

Өмірбаяны Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша - топырақтанушы-агрохимик. Еңбек жолын Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған. Ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, ғалым-хатшы және 2004-2018 жылдар аралығында аталған институттың бас директоры қызметтерін атқарған.КазНИИКО – 70 ЛЕТ ! Қазіргі таңда Қазақ ұлттық аграрлық университеті КеАҚ "Көкөніс және бау шаруашылығы ғылыми орталығының директоры және "Жеміс-көкөніс және жаңғақ шаруашылығы" кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарады.Айтбаев Теміржан Ерқасұлы - Кафедра меңгерушісі "Тәуелсіздікке 25 жыл" орденімен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Академиктер Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:1962 жылы туғандар Санат:Алматы облысында туғандар