Яцек Гуральский (; 21 қыркүйек 1992 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/199297, Быдгощ) — польшалық футболшы, Польша Ұлттық футбол құрамасы мен "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық "Завиша" клубының түлегі. 2010 жылы осы клубта кәсіпқой карьерасын бастады.
2011 жылы "Виктория" (Короново) клубына ауысты. Көп ұзамай "Висла" клубына өтті де, төрт маусым ойнады.
2015 жылы елдегі үздік клубтардың бірі "Ягеллония" қатарын толықтырды. 19 шілдеде "Корона" клубына қарсы ойында тұңғыш рет "Ягеллония" сапында алаңға шықты. Екі маусымда Экстраклассада 57 рет алаңға шықты.
2017-19 жылдары Болгарияның "Лудогорец" клубында ойнады.
2020 жылдың басында "Қайратқа" ауысты. Маусым соңында Қазақстан чемпионы атанды.
Ұлттық құрама 2016 жылы 14 қарашада Словенияға қарсы жолдастық кездесуде Польша сапында алаңға шықты. 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Болгария чемпионы (2): 2017/18, 2018/19 Болгария суперкубогы (2): 2018, 2019 Қазақстан чемпионы (1): 2020
Дереккөздер
Сілтемелер 90minut.pl Профилі
Санат:Польша футболшылары Санат:Польша Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Завиша ФК ойыншылары Санат:Ягеллония ФК ойыншылары Санат:Лудогорец ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары