«Еңбектегі ерлігі үшін» медалі () — КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 жылғы 27 желтоқсандағы «„Еңбек ерлігі үшін“ медалін тағайындау туралы» Жарлығымен тағайындалды.
Кейіннен медальдің сипаттамасына КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен, ал медаль туралы Ережеге КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1947 жылғы 16 желтоқсандағы Жарлығымен өзгерістер енгізілді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1980 жылғы 28 наурыздағы Жарлығымен медал туралы Ереже жаңа редакцияда бекітілді.
Медалдің тарихы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі — КСРО-да тағайындалған алғашқы медальдардың бірі. Ол еңбек сіңіргені үшін марапаттауға арналған соғысқа дейінгі кеңестік екі медалдің ішіндегі «үлкені» болып табылады. «Кішісі» — «Ерен еңбегі үшін» медалі. Бұл екі еңбек медалін олардың жауынгерлік баламалары — «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалдарымен салыстыруға болады.
Медаль жобасының авторы — суретші И. И. Дубасов.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапаттау туралы алғашқы Жарлығына 1939 жылғы 15 қаңтарда қол қойылды. Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскерін қаруландыру, қару-жарақтың жаңа үлгілерін жасау және игеру ісіндегі ел алдындағы айрықша еңбегі үшін Калинин атындағы № 8 зауыттың 22 қызметкері медалмен марапатталды. Тізімді инженер-конструктор Оводов Николай Иванович, инженер-жоспарлаушы Медвинский Абрам Евсеевич, электр цехының басшысы Колобанов Дмитрий Фаддеевич және цехтың партия ұйымдастырушысы Пономарева Зинаида Ивановна бастады.
Екі күннен кейін, 1939 жылы 17 қаңтарда, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының «Подземгаз» тресінің қызметкерлерін марапаттау туралы Жарлығы шықты. Көмірді жерасты газдандыру әдісін ғылыми тұрғыдан әзірлегені және осы әдісті Горловка станциясында табысты игергені үшін 14 адам медалмен марапатталды. Тізімде алғашқы болып «Подземгаз» Горловка станциясының директоры Иван Сергеевич Стройлоның, РКФСР Тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қызметкері Дмитрий Петрович Октябрьскийдің, «Подземгаз» тресінің бас инженері Федор Иванович Клейменовтың, «Главгаз» диспетчері Илья Петрович Кириченконың және Горловка станциясының зертханашысы Агафья Павловна Целуйконың есімдері тұрды.
Тағы үш күннен кейін, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығымен Өзбекстанның ауыл шаруашылығындағы 87 озаты «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Әліпбилік тізім Ханафи Аббаевтың (Избаскент машина-трактор станциясының Қызыл Жұлдыз учаскесінің агротехнигі), Атабай Авазовтың (Хорезм облысы Гүрлен ауданының «Мәдениет» ұжымшарының гектарынан 30,5 центнер мақта тапсырған бригадирі) және Асқарали Акбаровтың (Жоғарғы Шыршық ауданының «Опытник» ұжымшарының төрағасы) есімдерімен ашылды.
1939 жылы 1 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасы «Дальстрой» қызметкерлерін марапаттау туралы Жарлық шығарды. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен 81 адам — стахановшы жүргізуші Михаил Семенович Аксенов, кеніштің барлау бөлімінің басшысы Аркадий Евгеньевич Авсиевич, борт механигі Антон Порфирьевич Беспалов, Магадан құрылыс конторасының басшысы Иван Иванович Белов және басқалар марапатталды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылы 4 мамырдағы «Ауыл мектептерінің ерекше көзге түскен мұғалімдерін марапаттау туралы» Жарлығымен басқа да марапаттармен қатар, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен 972 адам марапатталды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен Сталин атындағы Үлкен Ферғана каналын салу кезінде ерекше көзге түскен 277 адам «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы жоғары еңбек көрсеткіштері үшін 1941 жылға дейін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен шамамен 8 мың адам марапатталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл медалмен шамамен 50 мың марапаттау жүзеге асырылды.
Медалды тағу ережелері, таспасының түсі және оның марапаттау тағанына орналастырылуы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 19 маусымдағы «КСРО ордендері мен медалдарының таспаларының үлгілері мен сипаттамаларын және ордендерді, медалдарды, орден таспалары мен айырым белгілерін тағу ережелерін бекіту туралы» Жарлығымен бекітілді.
Медалмен марапаттау тек КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлықтары арқылы жүргізілді.
1995 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен шамамен 1 825 100 марапаттау жүзеге асырылды.
Медал жайлы ереже thumb|right|200px|Медалдің артқы беті «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі жанқиярлық еңбек қызметі және осы ретте көрсетілген ерлігі үшін марапаттау мақсатында тағайындалды.
«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен жұмысшылар, ұжымшаршылар, халық шаруашылығының мамандары, ғылым, мәдениет, халық ағарту, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері және КСРО-ның басқа да азаматтары марапатталады. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен КСРО азаматы болып табылмайтын адамдар да марапатталуы мүмкін.
«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапаттау:
жанқиярлық шығармашылық еңбегі, өндірістік нормаларды, жоспарлы тапсырмалар мен социалистік міндеттемелерді асыра орындағаны, еңбек өнімділігін арттырғаны және өнім сапасын жақсартқаны үшін; жаңа техниканы тиімді пайдаланғаны және озық технологияны игергені, құнды өнертабыстары мен рационализаторлық ұсыныстары үшін; ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, халық ағарту, денсаулық сақтау, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және еңбек қызметінің басқа да салаларындағы жетістіктері үшін; жастарды коммунистік тәрбиелеу және кәсіптік даярлау жөніндегі жемісті еңбегі, табысты мемлекеттік және қоғамдық қызметі үшін; дене шынықтыру мен спорт саласындағы жетістіктері үшін жүзеге асырылады.
«Еңбектегі ерлігі үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылып, КСРО-ның басқа медалдары болған жағдайда Нахимов медалінен кейін орналасады.
Медалдің сипаттамасы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі диаметрі 34 мм болатын дұрыс дөңгелек пішінді. Сондай-ақ диаметрі 35 мм (1945 жылғы) медаль да кездеседі.
Медалдың беткі жағында жоғарғы бөлігінде ортасында күмістен жасалған орақ пен балға орналасқан лағыл-қызыл эмальмен қапталған бедерлі бес күлді жұлдыз бейнеленген. Жұлдыздың қарама-қарсы сәулелерінің ұштары арасындағы қашықтық — 19,2 мм, сәуленің бүйір қырының ұзындығы — 6 мм. Жұлдыздың астында биіктігі 2,8 мм болатын, лағыл-қызыл эмальмен қапталған, ішке қарай бедерленген «ЕҢБЕКТЕГІ ЕРЛІГІ ҮШІН» () деген екі жолдық жазу орналасқан. Медалдың төменгі бөлігінде бедерлі «КСРО» () жазуы орналасқан. Жазу әріптерінің биіктігі — 3,3 мм.
Медалдың сыртқы жағында биіктігі 2,5 мм болатын «КСРО-дағы ЕҢБЕК — АР-НАМЫС ІСІ» () деген екі жолдық бедерлі жазу орналасқан.
Медалдың екі жақ шеттері ені 0,8 мм болатын ернеумен жиектелген.
Медаль 925 сынамалы күмістен дайындалады. Медалдағы күмістің мөлшері — 21 г. Тағансыз медалдың жалпы салмағы — 22,855±1,42 г.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ақшыл көк түсті, шеттерінде екі бойлық қызыл жолағы бар ені 24 мм қатқыл жібек таспамен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Қызыл жолақтардың әрқайсысының ені — 2 мм.
Суреттеме
Әдебиет
Дереккөздер
Санат:КСРО медалдары