thumb|200px|Үйеңкі жапырағы thumb|right|200px|Табиғи үйеңкі жапырағы Үйеңкі жапырағы (, ) — үйеңкі ағашының жапырағы. Канаданың ұлттық рәміздерінің бірі.
Канада рәмізі 1700-ші жылдардың басында үйеңкі жапырағы эмблема ретінде Әулие Лаврентий өзенінің бойында француз канадалықтармен қабылданған.National Symbols
1834 жылы Сен-Жан-Батист қоғамының жиналысында үйеңкі жапырағы қоғамды бейнелеу үшін ұсынылған көптеген эмблемалардың бірі болды, сол кезде оның француз канадалықтардың арасында танымалдығы арта түсті.Ceremonial and Canadian Symbols Promotion page for Maple Leaf Сол кезде үйеңкі жапырағының пайдасына қарай Монреаль қаласының алғашқы әкімі (мэрі) Жак Виже үйеңкіні "біздің орманымыздың патшасы; ... канадалықтардың символы" деп сипаттады.
thumb|right|Үйеңкінің үш жапырағынан құралған бұтақты дизайнның бір бөлігі ретінде көрсететін Канада патшайымының жеке туы thumb|right|Ортасында стильденген үйеңкі жапырағы бейнеленген Канада туы Үйеңкі жапырағы біртіндеп ұлттық рәмізге айналды: 1868 жылы ол Онтарио мен Квебек елтаңбаларында бейнеленді, ал 1921 жылы Канада елтаңбасына да қосылды. Тарихи тұрғыдан алтын үйеңкі жапырақ Онтарионы, ал жасыл үйеңкі жапырақ Квебекті бейнелеген.Shield of Arms 1867 жылы Александр Мюр патриоттық "Үйеңкі жапырағы мәңгіге» шығармасын жасады, ол ағылшын тілді Канаданың ресми емес әнұранға айналды.
Үйеңкі жапырағы 1965 жылы Канада туының енгізілуімен ұлттық символға айналды және туда қандай да бір үйеңкінің түріне жатпайтын, тегістелген, он бір қырлы үйеңкі жапырағы қолданылады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Канада мемлекеттік рәміздері