Тарас Николаевич Степаненко (; 8 тамыз 1989http://db.uaf.ua/player/15972/view.htm, Великая Новосёлка, Донецк облысы, КСРО) — украиналық футбошы, Украина Ұлттық футбол құрамасы мен "Шахтер" (Донецк) клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы Запорожье клубының түлегі. Запорожьенің "Торпедо" клубының академиясында тәрбиеленді. 2006 жылы кәселетке толған соң "Металлургке" ауысты.

2007 жылы 4 наурызда тұңғыш рет кәсіби футболшы ретінде "Динамоға" қарсы ойында алаңға шықты.

2010 жылы мамыр айында "Шахтерге" ауысты. Сол жылы Украина суперкубогында "Таврияға" қарсы ойында тұңғыш рет "Шахтер" сапында алаңға шықты. Осы ойында клуб сапындағы тұңғыш голын да соқты.

Халықаралық 2010 жылы тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

«Шахтёр» (Донецк)

Украина чемпионы (8): 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2019/20 Украина кубогы (7): 2010/11, 2011/12, 2012/13, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19 Украина кубогының финалисі (2): 2013/14, 2014/15 Украина суперкубогы (4): 2010, 2012, 2013, 2014

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Украина футболшылары Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Металлург Запорожье ФК ойыншылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары