Ильхан Мансыз (; 10 тамыз 1975https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/6875, Кемптен, ГФР) — түркиялық футболшы, шабуылшы. Мәнерлеп сырғанаудан Түркия чемпионы.

Карьерасы

Футбол 2001 жылы қазан айында Молдова құрамасымен ӘЧ-2002 іріктеу ойынында тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты. 2002 жылғы әлем чемпионатына қосалқы құрам ойыншысы ретінде барғанымен, турнирдің шешуші сәттерінде осы Ильхан аренаға шықты, ширек финалда Сенегалмен ойынның 103-минутында "алтын гол" соғып, құраманы жартылай финалға шығарды. Бұл әлем чемпионаттары тарихындағы соңғы алтын гол болатын.

Үшінші орын үшін кездесуде өзіндік хет-трик жасады, Кореямен ойынның 11 секундында Хакан Шүкірге нәтижелі пас берді, бұл турнир тарихындағы ең жылдам гол болатын. Бұдан соң Ильхан екі гол соғып, Түркия 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ жартылай финалда Бразилиямен ойынның 88-минутында Роберто Карлоспен доп таласта керемет финтімен де есте қалды.

Мәнерлеп сырғанау 33 жасынан бастап мәнерлеп сырғанаумен айналысты. Ол салада да табысқа жете алды, 2015 жылы жұптасып сырғанаудан Түркия чемпионы атанды.

Дереккөздер

Сілтемелер Сілтемелер

Санат:Түркия футболшылары Санат:Түркия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Генчлербірлігі ФК ойыншылары Санат:Бешикташ ФК ойыншылары Санат:Виссел Кобе ФК ойыншылары Санат:Герта Берлин ФК ойыншылары Санат:Анкарагүджү ФК ойыншылары Санат:Түркия мәнерлеп сырғанаушылары Санат:Алфавит бойынша мәнерлеп сырғанаушылар