Огнен Вукоевич (; 20 желтоқсан 1983https://www.worldfootball.net/player_summary/ognjen-vukojevic/, Бьеловар, Югославия) — хорватиялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы

Клубтық "Младость" клубының түлегі. Кейін бірнеше хорват клубтарында ойнап, 2005 жылы Бельгияның "Льерс" клубына ауысты. Бірақ бір жылдан соң отанына оралып, "Динамо Загреб" футболшысы атанды. Загребтіктер сапындағы екі маусым барлық жағынан табысты болды: ішкі турнирлердің бәрінде де жеңімпаз атанды. Көп ұзамай клубта негізгі құрамға бірнола орнықты да, мінезіне орай жергілікті жанкүйерлер оны "Гаттузо" деп атап кетті.

2008 жылы жазда "Динамо Киевпен" бес жылдық келісім шарт жасасты.

2013 жылы ақпан айында "Спартак Мәскеуге" жалға берілді.

2014 жылы жазда Хорватияға оралып, "Динамоға" қайта келді.

Карьерасының соңғы жылдарын "Аустрия Вена" сапында өткізді.

Халықаралық 2008, 2012 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. 2014 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, бір кездесуде де алаңға шықпады. Осы турнирден соң құрамадағы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

«Динамо» (Загреб)

Хорватия чемпионы (3): 2005/06, 2006/07, 2007/08 Хорватия кубогы (2): 2005/06, 2007/08 Хорватия суперкубогы (1): 2006

«Динамо» (Киев)

Украина чемпионы (1): 2008/09 Украина кубогы: 2013/14 Украина чемпионы: 2009, 2011

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Хорватия футболшылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Вартекс ФК ойыншылары Санат:Льерс ФК ойыншылары Санат:Динамо Загреб ФК ойыншылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Аустрия Вена ФК ойыншылары Санат:Хорватия футбол жаттықтырушылары