«Анкараспор» — Түркияның Анкара қаласындағы футбол клубы, қазіргі күнде Түркия бірінші лигасында ойнайды. 1978 жылы құрылған.

Тарихы 2015/16 жылғы маусымда Түркия чемпионатында 5-орын алып, Еуропа лигасына қатысуға мүмкіндік алды. УЕФА Еуропа лигасының 2016/17 жылғы маусымында 1/16 финалға дейін жетіп, "Олимпиакосқа" жол берді. Айта кетейік, топтық кезеңде "Вильярреал", "Стяуа", "Цюрих" секілді клубтардан басым ойнады.

2017/18 жылғы маусым қорытындысында суперлигадан түсіп қалды.

Атаулары

«Анкара Беледийеспор» (1978-1984);

«Анкара Бюйюкшехир Беледийе» (1984-1998); «Бюйюкшехир Беледийе Анкараспор» (1998-2005); «Анкараспор» (2005-2014); «Османлыспор» (2014-2020); «Анкараспор» (2020-).

Сілтемелер

http://osmanlispor.org/

Санат:Түркия футбол клубтары