Жаңа Шотландия (, немесе ресми түрде Нова Скотиа ) — Канаданың шығысында орналасқан провинция, 1 шілде 1867 жылы Онтариомен, Квебекпен, Нью-Брансуикпен бірге конфедерацияның құрамына қосылған бірінші провинциялардың бірі. Жаңа Шотландияның астанасы және ең ірі қаласы — Галифакс. Канаданың Атлантикалық жағалауында орналасқан төрт провинциялардың ішіндегі ең халқы көп провинция, 2016 жылғы санақ бойынша Жаңа Шотландияда 923,598 адам тұрады. Провинцияның жер аумағы 55,284 км² құрайды, оның 52,942 км² құрлық, 2,342 км² су беті болып табылады.

Сөз төркіні Провинцияның ресми атауы — Нова Скотиа. "Нова Скотиа" латын тілінен аударғанда "Жаңа Шотландия" деген мағынаны білдіредіScottish Settlement . Novascotia.com. Retrieved 12 шілде 2013 жылы тексерілді. және провинцияның ағылшын тіліндегі атауы болып табылады. Провинцияның атауы француз тілінде де, Шотланд Кельттік тілінде де "Жаңа Шотландия" болып аударылады (Француз: Nouvelle-Écosse; Кельттік: Alba Nuadh). Жалпы, Роман тілдері және Славян тілдері "Жаңа Шотландия" деген тіке аудармасын қолданады. Ал Түркі тілдері ресми атауын да, аудармасын да қолданады.

Провинция өз атауын алғаш рет 1621 жылы алды. 1713 жылға дейін Акадия деп аталды.

География thumb|Жаңа Шотландияның топографиялық картасы Жаңа Шотландия провинциясы Жаңа Шотландия түбегінде орналасқан және Нью-Брансуик және Ханзада Эдуард Аралы провинцияларымен бірге "Канаданың жағалаулы үш провинцияларының (The Maritimes provinces)" құрамына кіреді. Сондай-ақ Жаңа Шотландия провинциясының құрамына Кейп-Бретон және Сейбл аралдары кіреді. Провинция барлық жағынан Атлант мұхитымен қоршалған, құрлықпен тек қана Нью-Брансуик провинциясымен байланыстыратын кішкентай мойнақ арқылы байланыса алады. Жаңа Шотландия провинциясының аумағы 55,284 шаршы шақырымды құрайды, ал жағалау сызығы 10,427 км. Солтүстігінде Әулие Лаврентий шығанағы, ал батысында Фанди шығанағы орналасқан. Жаңа Шотландия аумағы бойынша Даниядан үлкен, бірақ Шотландиядан кіші.

Провинцияда 5,400 көл бар.

Климат thumb|Жаңа Шотландияның Кеппен климат түрлері +Жаңа Шотландиядағы таңдалған орындар үшін орташа тәуліктік максималды және минималды температураЖерШілде (°C)Шілде (°F)Қаңтар (°C)Қаңтар (°F)Галифакс 23/14 73/58 0/−8 32/17Сидней 23/12 73/54 −1/−9 30/14Кентвилл 25/14 78/57 −1/−10 29/14Труро 24/13 75/55 −1/−12 29/9Ливерпуль 25/14 77/57 0/–9 32/15Шелберн 23/12 73/54 1/−8 33/17Ярмут 21/12 69/55 1/−7 33/19

Демография thumb|Жаңа Шотландияның халық тығыздығы

Халық саны

Ұлты +Этникалық топтар (2016 жылғы санақ)Этникалық топСаныЖалпы халық санынан пайызы %Канадалықтар387,36042.6%Шотландтықтар272,88030.0%Ағылшындар262,37528.9%Ирландықтар195,86521.6%Француздар149,62516.5%Немістер97,55510.7%Алғашқы халықтар (Солтүстік Америкалық Үндістер)48,6405.4%Голланддықтар (Нидерланддықтар)32,0453.5%Метистер26,0252.9%Акадиялық23,7002.6%

Көрінетін азшылықтар мен аборигендер Көрінетін азшылықтар мен аборигендер (2011 жылғы санақ) Халық тобы Саны Жалпы халық санынан пайызы % Еуропоидтар (Ақтар) 825,050 91% Көрінетін азшылық топтарДереккөз:, Community Profiles from the 2011 Census, Statistics Canada - Province/Territory Оңтүстік Азиялықтар 4,965 0.5% Қытайлар 6,050 0.7% Қаралар 20,790 2.3% Латын Америкалықтар 1,360 0.2% Филиппиндер 1,890 0.2% Арабтар 6,290 0.7% Оңтүстік-шығыс Азиялықтар 1,155 0.1% Оңтүстік-Батыс Азиялықтар 1,365 0.2% Корейлер 960 0.1% Жапондар 445 0% Көрінетін азшылықтар 720 0.1% Бірнеше көрінетін азшылық 1,290 0.1% Жалпы көрінетін азшылықтар 47,270 5.2% Аборигендік топтарДереккөз:, Aboriginal Population Profile from the 20062011Census, Statistics Canada - Province/Territory Алғашқы ұлт 21,895 2.4% Метистер 10,050 1.1% Инуиттер 695 0.1% Бірнеше аборигендік сәйкестік 225 0% Аборигендік 980 0.1% Жалпы аборигендердің саны 33,850 3.7% Жалпы халық саны 906,175 100%

Діні + Діні (2011)Statistics Canada National Household Survey, for Province of Nova Scotia, 2011 census - 100% data Дін Саны Пайыз (%) Христиандар 690,465 76.2% Дінсіздер 197,665 21.81% Мұсылмандар 8,505 0.94% Басқа діндер 2,720 0.30% Буддистар 2,205 0.24% Индустар 1,850 0.20% Иудейлер 1,805 0.20% Аборигендік діндер 570 0.06% Сикхтар 390 0.04%

Тілі

Орны Тіл Саны Пайыз1.Ағылшын836,08592.46%2.Француз31,1053.44%3.Араб5,9650.66%4.Алгонкин тілдері4,6850.52%Микмак4,6200.51%5.Неміс3,2750.36%6.Қытай2,7500.30%Мандарин9050.10%Кантон5900.06%7.Нидерланд1,7250.19%8.Испан1,5450.17%9.Канадалық Кельттік тілі1,2750.14%10.Тагаль1,1850.13%10.Парсы1,1850.13%

Дереккөздер

Сілтемелер

Government of Nova Scotia Жаңа Шотландия Британника энциклопедиясында BluPete’s History of Nova Scotia Government of Nova Scotia’s official tourism Nova Scotia hiking & tourism info Explore Nova Scotia tourism info Nova Scotia Come To Life Courts of Nova Scotia

Санат:Жаңа Шотландия