Эми Майнцер (; 1974 жылдың 2 қаңтарында дүниеге келген) — астрофизикалық аппаратураға және инфрақызыл диапазондағы зерттеулерге маманданған америкалық астроном. Оның ғылыми қызығушылықтары астероидтар, қоңыр ергежейлер, планеталардың атмосферасы, шаң дискілері, жұлдыздардың пайда болуы, жер үсті және ғарыштық құралдарды жобалау және құру.
Өмірбаяны NASA Реактивті қозғалыс зертханасының қызметкері. Эми Майнцер Wide-Field Infrared Survey Explorer жобасының ғылыми жетекшісінің орынбасары және NEOWISE жобасындағы кіші планеталарды зерттеу жөніндегі бас зерттеуші . Эми Майнцер "Спитцер" телескопы үшін датчик жобалаған. Қазір ол Жерге жақындаған астероидтарды бақылайтын телескоптың құрастыруымен айналысады.
Эми Майнцер Стэнфорд университетінде физика саласындағы бакалавриатты (1996) және Калифорния технологиялық институтында астрономия саласындағы магистратураны (2000) үздік бітірген. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде астрономия докторы дәрежесін алды (2003).
Сонымен қатар, ол "The Universe" сияқты танымал ғылыми сериалдарда комментатор ретінде History Channel арнасында жұмыс істеген.
Астероид (234750) Amymainzer оның есімімен аталған.
Дереккөздер
Сілтемелер Эми Майнцер NASA Реактивті қозғалыс зертханасының вебсайтында.
Санат:Калифорния технологиялық институтының түлектері Санат:Стэнфорд университетінің түлектері Санат:Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің түлектері Санат:NASA қызметкерлері Санат:Әйел астрономдар Санат:Астрономияны танымал етушілер