Златко Юнузович (босн. Zlatko Junuzović; 26 қыркүйек 1987https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/31007, Зворник, Югославия) — аустриялық футболшы, "Ред Бул Зальцбург" клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық Златко қазіргі Босния және Герцеговина аумағында дүниеге келген. Бес жасында отбасы елдегі тиышсыздықтарға байланысты Аустрияға көшіп өтті. 11 жасында Линц қаласындағы спорт мектебіне қабылданды. 2005 жылы ГАК сапында карьерасын бастады. 2005 жылы 14 мамырда "Штурмға" қарсы ойынның 74-минутында тұңғыш рет клуб сапында алаңға шықты.

2007 жылы "Аустрия Кертнен" клубына ауысты. 2010 жылы Аустрияның үздік футболшысы атанды.

2012 жылы қаңтарда "Вердерге" ауысты. 30 қаңтар күні ресми түрде таныстырылу салтанаты өтті. 2017/18 жылғы маусым аяқталған соң "Верддерден" кетті.

2018 жылы жазда отанына оралып, "Ред Булл Зальцбург" футболшысы атанды.

Ұлттық құрама 2006 жылы 1 мамырда Канадаға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Аустрия Ұлттық футбол құрамасы сапында алаңға шықты. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. ӘЧ-2018 іріктеуінде Аустрия сәтсіз ойнады да, Златко құрамадағы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері Ред Булл Зальцбург

Аустрия чемпионы: 2019 Аустрия кубогы: 2019, 2020

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Аустрия футболшылары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:ГАК ФК ойыншылары Санат:Аустрия Кернтен ФК ойыншылары Санат:Аустрия Вена ФК ойыншылары Санат:Ред Булл Зальцбург ФК ойыншылары