Валерий Юрьевич Бондарь (; 27 ақпан 1999 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/396394, Харьков, Украина) — украиналық футболшы, Украина Ұлттық футбол құрамасы мен "Шахтер" клубының қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық "Шахтер" клубының түлегі. 2007 жылы клуб академиясына тіркелді.
2016 жылы кәсіпқой карьерасын бастады. Бірақ негізгі құрамдағы ресми матчын үш жылға жуық күтуге тура келді. 2019 жылы 4 мамырда "Львов" клубына қарсы ойында тұңғыш матчын өткізді. Алғашқы голын 2019 жылы 27 қыркүйекте "Ворскла" қақпасына соқты.
Халықаралық Украинаның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. 2019 жылы 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Осы жетістігінен соң Украинаның үшінші дәрежелі орденімен марапаталды.
2020 жылы 11 қарашада Польшаға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
Жетістіктері
«Шахтёр»
Украина чемпионы (2): 2018/19, 2019/20 Украмна кубогы: 2018/19
Украина
Жастар арасындағы әлем чемпионы: 2019
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Украина футболшылары Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары