Адриан Рабьо-Прово (; 3 сәуір 1995https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/182913, Сен-Морис, Валь-де-Марн, Франция) — франциялық футболшы, Франция Ұлттық футбол құрамасы мен "Ювентус" клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Балалық шағында бірнеше клубтың мектебінен өтті, олардың арасында "Манчестер Сити" де бар. 2010 жылы "Пари Сен-Жерменнің" академиясына ауысты. 2012 жылы 26 тамызда Франция чемпионатындағы бірінші ойынын"Бордоға" қарсы өткізді. Сол жылы 6 қарашада Чемпиондар лигасында да тұсауы кесіліп, Загребтің "Динамосына" қарсы 90 минут ойнады. 2013 жылы қаңтарда "Тулузаға" жалға берілді.

2013/14 жылғы маусымда "Пари Сен-Жермен" сапындағы тұңғыш голын "Генгам" қақпасына енгізді.

2019 жылы 1 шілдеде "Ювентусқа" ауысты.

Жетістіктері

«Пари Сен-Жермен»

Франция чемпионы (5): 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19 Франция кубогы (4): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18 Лига кубогы (5): 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18 Франция суперкубогы (3): 2015, 2016, 2017

«Ювентус»

Италия чемпионы: 2019/20

Франция

Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2013

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Тулуза ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары