Элькин Сото (; 4 тамыз 1980https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/40937, Манисалес) — колумбиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Колумбия Ұлттық футбол құрамасы сапында 2011 жылы Америка кубогына қатысты.

Карьерасы Карьерасында Колумбия, Германия, Эквадор чемпионаттарында ойнады. "Атлетико Насьонал" клубының түлегі. 1998 жылы "Онсе Кальдас" академиясына қабылданып, бір жылдан соң негізгі құрамға ілінді.

2006 жылы бір маусым "Барселона" (Гуаякиль) клубына жалға берілді.

2007 жылы "Майнц 05" клубына ауысты.

2016 жылы отанына оралып, қайтадан "Онсе Кальдеске" келді. 2019 жылы карьерасын аяқтады.

Жетістіктері Онсе Кальдас

Колумбия чемпионы (1): Ап. 2003 Колумбия екінші дивизионының жеңімпазы (1): 1998 Либертадорес кубогы (1): 2004

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Колумбия футболшылары Санат:Колумбия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Онсе Кальдас ФК ойыншылары Санат:Барселона Гуаякиль ФК ойыншылары Санат:Майнц 05 ФК ойыншылары