Төлеу Қадырбекұлы Жандауов (4 каңтар 1930 Манаш аулы Новобогат ауданы Гурьев облысы – 2 мамыр 2011 Атырау) — Қазақ ССР кәсіптік-техникалық оқудың еңбек сіңірген қызметкері.
Өмірбаяны Төлеу Қадырбекұлы Жандауов 4 каңтарда 1930 жылы Манаш ауылында, Исатай ауданы, Гурьев облысы дүниеге келген. Руы Беріш Жанбыршы бөлімі Кіші жүз.
1936-1944 жылдары Манаштағы Андреев атындағы мектепте білім алып, 7-сыныпы бітіргеннен кейін, алғашқы еңбек жолын “Алғабас” колхозында балықшы қызметінен бастайды.
1952 жылы Гурьев оқу комбинатында тракторист мамандығын игеріп, Новобогат машина-суландыру стансасында (ММС) бригадир, одан кейн механик болған.
1958 жылы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесіне жұмысқа ауысып, Новобогат ауылдағы алғаш РУ-15, кейіннен УМСХ-66, ГПТУ-100, СПТУ-37, соңынан Гурьевтеге №7 орта-кәсіптік техникалық училищесіне өндірістік оқу шебері болып, зейнеткерлікке шыққанға дейін ұстаздық қызмет атқарған.
1990 жылдан құрметті демалыста.“Атырау энциклопедиясы”/ Атырау, 2000, 32 бет
1995 жылдан бері №7 кәсіптік училищесінде жылма-жыл “Т.Жандауов атындағы атаулы байрақ” тағайындалды. https://pricom.kz/obshhestvo/vse-raboty-horoshi.html
Қоғамдық қызметі 1957 жылы Гурьев қалалық Советіне депутат.
1985 жылы Гурьев облыстық кеңестің депутаты.
1987 жылы VI Қазақстан мұғалімдер съезіне делегат болып сайланған. https://pricom.kz/obshhestvo/zhizn-vo-vsem-mnogotsvete.html
Отбасы Әкесі – Жандау Қадырбеков (1897-1971), Ұлы Отан соғысының ардагері. Анасы – Зейнеп. Дүниеге төрт бала әкелді - Төлеу, Мадеш, Нығмет, Злиха.
Зайыбы – Ғайнижамал. Отбасында бес бала Өтеген, Қармыс, Фарида, Гүлшара, Сайламбек, он екі немере-жиен бар, ұш шөбере.
Марапаттары Ерен енбегі үшін «Қазақ ССР-інің кәсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі» (1967), "Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі" (1970), "Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне” (1970), В.И.Ленин Орденімен (1978), “Республикаға еңбек сіңірген еңбегі үшін үшін”, "Еңбек ардагері”, "1941-1945 Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл" (2010) медалдармен және грамоталармен марапатталған. Есімі Қазақ КСР Құрметті Алтын кітабына жазылған.Адамдар. Тағдырлар: (құжаттар жинағы)/ Алматы, Асем-Систем, 2005. ISBN 9965-9687-5-6
Дереккөздер
Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімідері