Карлос Алонсо Гонсалес (; 23 тамыз 1952https://www.national-football-teams.com/player/17093.html, Сантильяна-дель-Мар, Испания), Сантильяна ( ретінде танымал) — испаниялық футболшы, шабуылшы.

Мансабы Испания Ұлттық футбол құрамасы сапында 1978, 1982 жылдары әлем чемпионатына, 1980, 1984 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты.

1970 жылы карьерасын "Расинг" клубында бастады. 1970/71 жылғы маусымда 16 гол соғып, ірі клубтардың көзіне иез түсті. 1971 жылы жазда "Реал Мадридке" ауысты. Сантильянаның трансфері арқылы "Расинг" біршама қарыздарынан құтылып қалды.

Мадридтік клуб сапында 17 маусым ойнады. Бірақ Испания чемпионатының мергені атана алмады, есесіне Ла лига тарихындағы мергендер көшінде сегізінші орынға шықты.

Жетістіктері

Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1984 УЕФА кубогы: 1984/85, 1985/86 Испания чемпионы: 1971/72, 1974/75, 1975/76, 1977/78, 1978/79, 1979/80, 1985/86, 1986/87, 1987/88 Испания кубогы: 1973/74, 1974/75, 1979/80, 1981/82 Испания лига кубогы: 1984/85

Дереккөздер

Сілтемелер Статистикасы

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Расинг Сантандер ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары