Владислав (Влад) Андреевич Бумага (; сондай-ақ Влад А4 лақап атымен танымал, немесе жәй ғана A4; 5 маусым 1996, Минск) — беларусьтік видеоблогер, әнші, инстаблогер, YouTube видеоплатформасындағы «А4» және «А5» арналарының иесі. Forbes журналының «Жаңа медиа» санаты бойынша «30 жасқа дейінгі 30 ең перспективті ресейліктер» рейтингі бойынша номинант.

Өмірбаяны Влад 1996 жылы 5 маусымда Минскте бастауыш сыныптардың мұғалімі мен инженердің отбасында дүниеге келді. Балалық шағы Серебрянка шағын ауданында өтті. Тоғыз жыл хоккеймен айналысқан. "Динамо" және "Юность" балалар спорт мектебінде шабуылшы болып ойнаған. Чехияда бір жыл жаттыққан. Алынған жарақатынан кейін бұл спорт түрінен кеткен.

Сын 2021 жылы американдық блогерлер MrBeast және JustDustin — А4 арнасы түпнұсқа роликтер авторларынан рұқсат алмай, бейнелердің мұқабалары мен идеяларын көшірді деп айыптады.

Жеке өмірі Видеоблогер және әнші Юлия Годуновамен бірге жүр. 2024 жылғы 8 мамырда Оливия есімді қыздары дүниеге келді.

Дискографиясы Шағын альбомы «Детские песни» — 2020

Синглдері «Батя» — 2018 «Огонь» (Катя Адушкинамен бірге) — 2019 «Каспер Бой» — 2019 «Офишлбывший» — 2019 «Песня про осень» — 2019 «Новогодняя песня» (The Limba, Jony, Егор Кридпен бірге) — 2022 «Лама мама» — 2024

Музыкалық жинағы «К мечте» — 2021

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Влад Бумага Instagram-да

Санат:Беларусь ютуберлері