Берікқазы Төлеубекұлы Сексенбаев (25 шілде 1967 жыл) — қазақстандық хоккейші, КСРО-ның үш дүркін чемпионы. 1988-92 жылдары Алматының "Динамо" көгалдағы хоккей клубында ойнады.
Көгалдағы хоккейден Совет Одағының 3 (1988, 1990, 1991), Малайзияның 2 дүркін чемпионы, малайзия чемпионаттарының 5, одақ чемпионатының 2 мәрте үздік мергені, спорттың осы түрінен Олимпиада ойындарына (1992) қатысқан тұңғыш қазақ спортшысы, «Азия жұлдыздары» құрамасының мүшесі, Азия көгалдағы хоккей федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, еңбек сіңірген қайраткері.
КСРО және ТМД құрамаларының намыс қорғаған. Жетістіктері
КСРО чемпионы: 1988, 1990, 1991
Қатысқан турнирлері
1992 жылғы Жазғы олимпиада Әлем чемпионаты 1990 Еуропа чемпионаты 1991 Сілтемелер
Санат:Алфавит бойынша көгалдағы хоккейшілер Санат:1967 жылы туғандар Санат:27 шілдеде туғандар Санат:Қазақстан көгалдағы хоккейшілері Санат:Динамо Алматы КХК ойыншылары Санат:КСРО көгалдағы хоккейшілері