Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш – Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Павлодар қаласының кіреберісіндегі ескі мұсылман зиратының алды.

Орнатылған кезеңі, авторы 2012 жылы, жоба авторы М. Әбілқасымов.

Тарихи дерек Монумент 1931-1933 жылдары болған ашаршылықтың құрбандарына арнап салынған. Қазақстанның басқа да аймақтары секілді, Павлодар өлкесі – ХХ ғасырдағы тоталитарлық жүйенің езгісінің кесірін бастан кешірген аймақ. Тоталитарлық жүйенің қазақ халқына, оның ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық қалпы мен кәсіптік дәстүрлеріне қарсы бағытталған жаппай отырықшыландыру, ұжымдастыру және өнім қабылдау жоспарлары бойынша саясаты мен іс-шаралары қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған аштыққа алып келді. Осы аштықтың кесірінен көп адам қырылып, соңы ұлттық трагедияға ұласты. ХХ ғасырдың 20-30-жылдары Павлодар облысында аштықтан 300 мыңнан аса адам көз жұмған. Павлодар қаласында өткен ғасырдың 30 жылдарында ашаршылықта құрбан болған жандарға арналған ескерткіш 2012 жылғы 31 мамырда ашылды.

Монумент сипаты Павлодарлық ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш автордың ойы бойынша құрылымдық жағынан өз алдына қабырғалары шығып, басында кішкентай баласы жылап тұрған қайтыс болған әйелді бейнелейді. Құрылымның фоны шайқалған шаңырақты көрсетеді. Осы жерде шаңырақтың негізінде автор өмірдің жалғасын бейнелейтін кішкентай ағашты орналастырды. Бетон құрылысты қаладан шыға беріс жердегі ескі мұсылман бейітінің жанына орнатты.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9

Ескерткіштің ауданы 22 м, мүсіннің биіктігі шамамен 3 м.Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. — Астана: Фолиант, 2017. — 504 б.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ескерткіштері Санат:Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Павлодар облысы сәулеті