Андрей Павлович Соколов (22 қаңтар 1968, Өскемен, Қазақ КСР) — қазақстандық және ресейлік хоккейші, қорғаушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан құрамасының ойыншысы. Қазіргі уақытта жаттықтырушы.

Өмірбаяны Өскемен шайбалы хоккейінің тәрбиеленушісі, жаттықтырушысы - Владимир Гольц.

Ол бүкіл мансабын «Торпедо» (Өскемен) және «Металлург» (Магнитогорск) клубтарында өткізді. 2005 жылы хоккей мансабын аяқтағаннан кейін ол бапкерлікке ауысты. 2005-2007 жж. «Металлург-2» (Магнитогорск) үлестес клубының жаттықтырушысы, 2007 жылдан бастап - «Металлург» негізгі командасының жаттықтырушысы.

Қазақстан құрамасының құрамында Олимпиада ойындарына және бес әлем чемпионатына қатысты.

Ұлы Константин - хоккейші, Ханты-Мансийскінің «Югра» шабуылшысы.

Жетістіктері 1998 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ширек финалисті Екі мәрте Ресей чемпионы (1999, 2001). 2004 жылғы Алтын дулыға иегері. Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (1998, 2004). Ресей чемпионатының қола жүлдегері (1995, 2000, 2002). 1998 жылғы Ресей кубогының иегері Еуролиганың екі дүркін чемпионы (1999, 2000). Қазақстан чемпионы (1993, 1994) 1991 жылғы қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері.

Санат:КСРО шайбалы хоккейшілері Санат:Қазақстан шайбалы хоккейшілері Санат:Торпедо Өскемен ХК хоккейшілері Санат:Металлург (Магнитогорск) ХК хоккейшілері Санат:Қазақстан шайбалы хоккей құрамасының ойыншылары Санат:Ақ барыс ХК хоккейшілері