Аль-Амаль (, «үміт») — 2020 жылдың 19 шілдесінде Марсқа ұшырылған Біріккен Араб Әмірліктерінің ғарыш аппараты.
2021 жылдың 9 ақпанында аппарат Марс орбитасына енді.Emirates Mars Mission: Hope spacecraft enters orbit Бұл Араб елдерінің Марсқа жеткен алғашқы ғарыш кемесі болды.
Аппараттың ғылыми мақсаттары — Марс атмосферасын толыққанды зерттеу, метеорологиялық құбылыстарды қадағалау, Күн желінің атмосфераға әсерін тіркеу.
Құрылғылары Аль-Амаль келесі ғылыми құрылғылармен жабдықталған:Technical Specifications Emirates eXploration Imager (EXI) камерасы Emirates Mars Infrared Spectrometer (EMIRS) инфрақызыл спектрометрі — атмосферадағы су және шаң іздерін іздейді, температуралық карта жасайды Emirates Mars Ultraviolet Spectrometer (EMUS) ультракүлгін спектрометрі — атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы оттегі мен сутегі мөлшерін өлшейді
Дереккөздер
Сілтемелер Миссияның ресми сайты
Санат:Марсты зерттеу