Роке Луис Санта Крус Кантеро (; 16 тамыз 1981 жылТransfermarkt.com, Луке, Сентраль) — парагвайлық футболшы, "Олимпия" клубының шабуылшысы.

Карьерасы

Клубтық "Олимпия" клубының түлегі. 1998 жылы 27 шілдеде клуб сапындағы тұңғыш ойынын "Серро Портеньо" клубына қарсы өткізді. Ол күні жасы 17-ге толмаған еді. Екі жыл қатарынан Парагвай чемпионы атанып, 1999 жылы "Баварияға" ауысты.

"Бавария" сапында біраз уақыт негізгі құрамға ілінген жоқ. Соған қарамастан клуб сапында бірнеше маңызды жүлделерге қол жеткізді.

2007 жылы шілдеде "Блекберн Роверске" ауысты. Сол жылы 15 желтоқсанда "Мидлсброға" қарсы Англия чемпионаты матчында хет-трик жасады. 2009 жылы жазда "Манчестер Ситиге" ауысты. 2011 жылы қаңтарда бұрынғы клубы "Блэкбернге" жалға берілді. Жазда "Реал Бетиске" арендаға кетті.

2012 жылы жазда манчестерлік клубқа қайта оралғанымен, негізгі құрамнан орын тимейтінін білген футболшы қайтадан Испанияға жол тартып, бұл жолы "Малагаға" арендаға берілді. 2013 жылы осы клубқа түпкілікті ауысты.

2015, 2016 жылғы маусымдарды мексикалық клуб "Крус Асульда" өткізді.

2016 жылы туған клубы "Олимпияға" қайта оралды.

Қатысқан турнирлері

Футболдан Америка кубогы 1999 Футболдан әлем чемпионаты 2002 Футболдан әлем чемпионаты 2006 Футболдан Америка кубогы 2007 Футболдан әлем чемпионаты 2010 Футболдан Америка кубогы 2011 Футболдан Америка кубогы 2015

Жетістіктері

Командалық «Олимпия» (Асунсьон)

Парагвай чемпионы (2): 1998, 1999

«Бавария»

Германия чемпионы (5): 1999/2000, 2000/01, 2002/03, 2004/05, 2005/06 Германия кубогы (4): 1999/00, 2002/03, 2004/05, 2005/06 Лига кубогы (2): 1999/00, 2003/04 Чемпиондар лигасы: 2000/01 Құрлықаралық кубок: 2001

Халықаралық Парагвай

Америка кубогының финалисі: 2011

Жеке

Парагвайдағы жыл футболшысы (2): 1999, 2019 Парагвай чемпионатының үздік мергені: Клаусура 2017 (11 гол)

Дереккөздер

Санат:Парагвай футболшылары Санат:Парагвай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Олимпия Асунсьон ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Блэкберн Роверс ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Реал Бетис ФК ойыншылары Санат:Малага ФК ойыншылары Санат:Крус Асуль ФК ойыншылары