Наоми Кавасэ (; 30 мамыр, 1969, Нара, Жапония) — жапон сценарийшісі және режиссер.

Балалық шағы Кавасенің ата-анасы ерте ажырасып, сосын ол нағашы әжесінің қолында тәрбиелеуге қалдырып кетеді. Нара ауылында Наоми әжесімен соғысқұмар, бірақ сүйіспеншілікке толы қарым-қатынаста болды. Нарада өткен жастық шағы оның мансабына үлкен әсер етеді. Тіпті оның алғашқы киноға жасаған көптеген рейдтері өмірбаяндық жанрда болды, ол көбінесе ауылдық ландшафттан шабыт алды.Karatsu 2009, p. 168. Наоми бастапқыда Осакадағы фотография мектебінде теледидар өндірісін оқып, кейін назарын аударып, киноға қызығушылық танытып ауысқан.

Мансап жолы 1989 жылы Осакадағы фотография мектебін (Osaka Shashin Senmon Gakkō) (Қазіргі Осака бейнелеу өнері колледжі) бітіргеннен кейін, ол фотограф Сюндзи Додо студенті болды... Кейін Embracing-ті шығармас бұрын тағы төрт жыл оқытушы болады. Өмірбаян жанрына деген қызығушылығын қолдана отырып, оның алғашқы қысқа метражды фильмдерінің көпшілігі отбасындағы оқиғаларды, дәлірек айтқанда ата-анасының тастап кетуі мен әкесінің қайтыс болуына арналған. 1994-1996 жылдар аралығында ол әжесі туралы фильмдер трилогиясын шығарды: "Катацумори", "Аспанды көргенде" және "Көкжиектегі күн". Ол өзінің алғашқы 35 мм "Сузаку" фильмі үшін 1997 жылғы Канн кинофестивалінде la Caméra d' Or award (ең жақсы жаңа режиссер) сыйлығының ең жас лауреаты атанды. Соынмен қатар Наоми өзінің "Сузаку" және " Светлячок " фильмдері туралы роман жазған.

2006 жылы ол қырық минуттық "Торахиме" деректі фильмін шығарды. Тарахиме Кавасенің нағашы әжесімен қарым-қатынасын жюәне тәтесінің өсіп келе жатқан деменциясы сияқты жеке басқа қатысты тақырыптарды қозғайды.

Шығармашылығы Режиссер ең мықты өмірбаяндық элементтерді қоса отырып деректі және ойын киносын түсіреді. Мысалы, кішкентайынан тәрбиелеген әжесінің өлімі, өзінің босануы және т.б. Сонымен қатар, оның фильмдерінде еуропалық мағынадағы пафостар мүлде жоқ: олар әрқашан минимализм стилінде шығатын өте тыныш кинолар.

Наоми Кавасэ туралы деректі фильмдерді Венсан Диетр (2004) мен Летисия Миклес (2008) түсірген.

Фильмография 2020: Нағыз аналар (Канн кинофестивалінің ресми бағдарламасы) 2015: Ан 2014: Жылжымайтын су беті 2012: Үйдегідей сезіну 2011: Айдың қызыл гүлі (Канн кинофестивалінің Алтын пальма атты басты жүлдесі) 2010: Гэмпин 2009: Қонақтар 2008: Нанаё 2007: Қайғы орманы (Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" атты басты жүлдесі) 2006: Туу және ана болу 2003: Шара (Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" атты басты жүлдесі) 2001: Аспан, жел, от, су, жер 2000: Светлячок (Локарнодағы халықаралық кинофестивалінің ФИПРЕССИ сыйлығы) 1997: Судзаку (Канн кинофестивалінің “Алтын камера” жүлдесі, Роттердам халықаралық кинофестивалінің "Алтын жолбарыс" номинациясы, Роттердам халықаралық кинофестивалінің "ФИПРЕССИ" сыйлығы) 1996: Көкжиектегі күн 1995: Аспанды көргенде 1994: Ұлу 1992: Құшақ

Әдебиеттер Lopez J.M. El cine en el umbral. Madrid: T&B, 2008

Сілтемелер Жеке сайты (ағылш.) Наоми Кавасэ және ел атаулары (орыс.) Бұл Құдайдың көзқарасы деп айтуға болады. Наоми Кавасэмен сұхбат (орыс.) en.wikipedia

Әлеуметтік желідегі парақшалары Твиттер Инстаграм

Тематикалық сайттар AllMovie AlloCiné ČSFD Дат ұлттық фильмографиясы Filmportal Internet Movie Database КиноПоиск MovieMeter

Дереккөздер