Стефан Сессеньон (; 1 маусым 1984Тransfermarkt.com, Зу) — бениндік футболшы, жартылай қорғаушы.
Карьерасы
Клубтық Карьерасын 2003 жылы "Рекуинс де л'Атлантик" клубында бастады. Бір маусымнан соң Франция төменгі лигаларындағы "Кретей" клубына ауысты. Сол жылы Бениннің үздік футболшысы атанды (кейін қатарынан 8 рет осы атаққа қол жеткізді). 2006-08 жылдары "Леман" клубында ойнады.
2008 жылы жазда "Пари Сен-Жерменге" ауысты. 16 тамыз күні "Бордоға" қарсы чемпионат кездесуінде тұңғыш рет париждік клуб сапында алаңға шықты. Келесі ойында "Сошо" қақпасына матч тағдырын шешкен жалғыз голды соқты.
2011 жылы клуб жетекшілерімен кикілжіңге келген Стефан дереу жаңа клуб іздеді. Сол жылы қаңтарда "Сандерлендке" ауысты.
Ұлттық құрама 2008, 2010 жылдары Африка Ұлттары кубогына қатысты. Көп жылдар бойы ұлттық құраманың капитаны болды.
Жетістіктері
Франция кубогы: 2009/10 Бениннің үздік футболшысы: 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2011.
Дереккөздер
Сілтемелер
Профилі
Санат:Бенин футболшылары Санат:Бенин Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Сандерленд ФК ойыншылары Санат:Вест Бромвич Альбион ФК ойыншылары Санат:Монпелье ФК ойыншылары Санат:Генчлербірлігі ФК ойыншылары Санат:Генчлербірлігі ФК ойыншылары Санат:Рекуинс де л’Атлантик ФК ойыншылары