Андромеда () — ежелгі грек мифологиясындағыМифы народов мира. М.: 1991-92. В 2-х тт. Т. 1. С. 82Любкер Ф. Реальный словарь классических древностей. М.: 2001. В 3-х тт. Т. 1. С. 106 эфиоп патшасы Кефей мен Кассиопеяның қызы.Псевдо-Аполлодор. Мифологическая библиотека II 4, 3-5

Миф Бір күні Кассиопея өзінің қызы Андромеданың сұлулығы теңіз нимфаларынан (нерейдалардан) асып түсетінін мақтан еткенде, ашуланған құдайлар Посейдоннан кек алуды сұрайды. Посейдон Кефейдің халқын қауіпке ұшыратқан теңіз құбыжығын жібереді. Аммон оракулы құдайдың ашуы тек Кефей Андромеданы құбыжыққа құрбандыққа шалған кезде ғана басылатынын хабарлайды, ал ел тұрғындары патшаны осы құрбандыққа баруға мәжбүрлейді. Жағалаудағы жартасқа шынжырланған Андромеда құбыжықтың еркіне тасталады.

Оның сұлулығына тәнті болған Персей оны осындай халде көріп, егер ол өзіне күйеуге шығуға келісетін болса, құбыжықты өлтіруге уәде береді. Әкесі бұған қуана келіседі, сөйтіп Персей құбыжыққа Горгона Медузаның жүзін көрсету арқылы оны тасқа айналдырып, қауіпті ерлігін сәтті аяқтайды (басқа нұсқа бойынша, құбыжық Герместің қылышымен — Горгона Медузаны өлтірген сол қылышпен өлтірілген).

Кейбір авторлар оның басынан өткен оқиғаларды Иоппада (яғни Жерорта теңізі жағалауындағы Яффа қаласында) орын алған дейді.Страбон. География I 2, 35. С. 43; XVI 2, 28. С. 759

Еврипидтің нұсқасы бойынша, ата-анасының ешқайсысы оны туған елін тастап, Персейдің соңынан еруге мәжбүрлей алмаған. Авторлардың көпшілігінің пікірінше, ол Микен патшайымы атанып, Персейден бірнеше бала туған.

Дереккөздер

Санат:Ежелгі грек мифтерінің кейіпкерлері